25 Қар 2020
Страницы KZ КГУ "СШ имени М.Ауезова"

Мектеп туралы

ШҚО Тарбағатай ауданы Көкжыра ауылы

«М.Әуезов атындағы орта мектебі» КММ тарихы

  • 1890-1916 жылдары Мырзабай қыстағы, Дондағұл қыстағы, Ақшал қыстағы , Үсен қажы қыстақтарында діни білім берілді.
  • 1924 жылы Түйемойнақ тауындағы Түсіпжан қыстағында жәдит мектебі болды.
  • 1925-1928 жылдары Жалғызтал, Ақтоғам, Қайдар-Қапас қыстақтарында сауат ашу мектебі болды.
  • 1928 жылы Көжырада 2 жылдық мектеп ашылды
  • 1930-1935 жылдарыҚорлыбай тамында, Ақтүбекте
  • 1936-1938 жылдары Баспанда, Жәмбике тоғамының бойында, «Қызыл отауда», Серіктесте сауат ашу мектептері болған.
  • 1936жылы 4 жылдық Көкжыра бастауыш мектебі ашылды. Бұл қазіргі мектептің негізі болды.
  • 1939 жылы Көкжырада 7 иектеп болды.Аудандық оқу бөлімінің сол жылғы 26.05. №106 бұйрығымен ҚалиахметҮркімбаев директор болып тағайындалды.
  • 1951 жылы мектеп жанында интернат ашылды.
  • 1956 жылы Көкжыра орта мектебі болып құрылды.Алғашқы директоры Қ.Егізбаев тағайындалды.
  • 1958 жылы орта мектептің жанында 8 жылдық орыс тілді сыныптар ашылып, ол 1978 жылы қысқартылды.
  • 1961 жылы мектепке Ұлы жазушы М.О.Әуезовтың аты берілді.
  • 1964-1965 оқу жылында 11 жылдық мектеп болып қайта құрылды.
Пайдалы ақпараттық ресурстар