Бүгінде сауатты болудың үлкен артықшылық екенін өзгелерге айтып жатудың еш қажеті жоқ. Себебі, сапалы білімсіз инновациялық технологиялар болмас еді. Сондай-ақ, қоғам жетістіктерге жетпес еді.
Бүгін халықаралық сауаттылық күнін атап өтуіміз бекер емес. Осы атаулы күнге орай 8-А сыныбы үзіліс уақытында 8-11-сынып оқушыларына ұлы дала ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің "Бақша ағаштары" әңгімесін түсіндіріп берді. Лездеме санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып ашық алаңда өткізілді.